Accessibility links

Трамп өзінің қайырымдылық қорын жабуға ниет білдірді


АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп.
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп «ықтимал мүдделер қақтығысына» жол бермеу үшін ресми қызметіне кіріспес бұрын өз қайырымдылық қорын жабуға дайын екені туралы мәлімдеген. Бұл туралы ол желтоқсанның 24-і күні жариялаған.

«Қор шын мәнінде ондаған жылдар бойы шығынсыз жұмыс істеп келді, қаржысы толығымен қайырымдылыққа жұмсалды» деген Трамп.

Нью-Йорк прокуратурасы тексеру аяқталғанға дейін Трамп қоры «заң бойынша жабыла алмайды» деп мәлімдеген.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Дональд Трамптың президенттік сайлау науқанына қор ақшасы заңсыз жұмсалған болуы мүмкін деген ақпарат жариялағаннан кейін прокуратура Трамптың қорын тексеруге кіріскен еді. Мониторинг жүргізумен айналысатын GuideStar коммерциялық емес ұйымының Трамп қорының 2015 жылғы салық декларациясына сілтеме жасап хабарлауынша, қор қаржы немесе мүлікті пайдаланған кезде салық заңын бұзған. Сонымен бірге қор тарабынан бұған дейінгі жылдары да заң бұзу оқиғалары болған деген хабар тараған.

Қарашада өткен сайлауда АҚШ-тың 45-президенті болып сайланған 70 жастағы Дональд Трамп 2017 жылғы қаңтардың 20-сы күні ант қабылдағаннан кейін қызметіне ресми түрде кіріседі.

XS
SM
MD
LG