Accessibility links

Әнші Джордж Майкл өмірден өтті


Джордж Майкл.
Джордж Майкл.

26 желтоқсанда ағылшындық белгілі әнші Джордж Майкл 54 жасында өмірден өтті. Бұл туралы әншінің жақындарына сілтеме жасап BBC арнасы хабарлады. Соңғы бес жылда әнші денсаулығына байланысты ауруханаға бірнеше рет жатып шыққаны хабарланған.

Джордж Майклдың шын есімі - Йоргос Кириакос Панайоту. Ол 1963 жылы 25 маусымда Лондонда дүниеге келген. Ата-анасы Кипрде туған. Халыққа Wham! дуэтінің әншісі ретінде танылған.

1980 жылдары жеке әнші ретінде шықты. Оның Faith альбомы Billboard чартында 51 апта бойы үздік ондықта болған. Майкл музыкалық карьерасында жүз миллионға жуық альбом сатқан.

XS
SM
MD
LG