Accessibility links

Чилиде жер сілкінісінен мыңдаған ғимарат жарықсыз қалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

25 желтоқсанда Чилидің шығысында болған қатты жер сілкінісінен 20 мыңнан астам ғимарат жарықсыз қалған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, Чилое аралындағы бірнеше автожол мен көпір қираған.

Бес мыңға жуық адам үйлерін тастап кеткені хабарланды. Жер сілкінісінен мерт болғандар туралы ақпарат жоқ.

7,6 магнитудалы тербелістің ошағы Чилидің оңтүстік-батысындағы Пуэрто-Монт қаласында 35 километр тереңдікте болған. Жер сілкінісі Анд тауының маңындағы Барилоче және Аргентинаның оңтүстік-батысында сезілген.

XS
SM
MD
LG