Accessibility links

Филиппинде тайфуннан мыңдаған адам эвакуацияланды


Филиппинде тайфуннан зардап шеккен халық. Көрнекі сурет.

25 желтоқсанда Филиппиннің орталық аймағына "Нок-Тен" тайфуны тұрып, елдің оңтүстік-шығысындағы Катандуанес аралынан жүз мыңға жуық адам эвакуацияланған. Тайфун үшінші деңгейлі деп бағаланып, желдің жылдамдығы сағатына 255 километрге жеткені хабарланды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Қазір елде табиғат апатына байланысты ондаған порт жабылған. Ел астанасы Манилада жарнамалық баннерлер алынған.

Ел билігі су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG