Accessibility links

Павлодарда клиенттерді соққан кафе күзетшілері қамаудан босатылды


Күзетшілердің кафеге калген масаң адамдарды соққыға жықты делінген видеосынан скриншот.

Tengrinews сайтының хабарлауынша, № 2 Павлодар қалалық соты "Элекор Күзет" фирмасының екі қызметкері 37 жастағы Руслан Абдрахманов пен 31 жастағы Азат Ахметовты қылмыстық жауапкершіліктен босатқан. Сот шешіміне екі тараптың келісімге келуі себеп болған.

Қазан айының басында интернетте арнайы форма киген жігіттердің кафе клиенттерін ұрып-соғып, тілдегені, клиенттердің бірін автоматтың дүмімен қойып қалғаны түсірілген видео таралған еді. Оқиға Павлодардағы "Босфор" кафесінде 3 қазан күні кешке болған. Кейін клиенттерді соққыға жықты делінген "Элекор Күзет" агенттігінің екі күзетшісі қамауға алынған.

Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің мәлімдеуінше, жәбірленушілердің бірі Ертіс ауданының 30 жастағы тұрғыны болған. Кафеге келген, видеода күзетшілер соққыға жыққан басқа екі клиенттің кім екені анықталмаған.

Бұған дейін Павлодар қалалық прокуратурасы облыстық ІІД-ге "Элекор" агенттігінің лицензиясын қайтарып алып, қызметін тоқтату туралы ұйғарым берген.

XS
SM
MD
LG