Accessibility links

Биыл Украина шығысында 211 солдат мерт болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

2016 жылы Украинаның шығысындағы қақтығыстан 211 украиналық солдат мерт болған. Бұл туралы Украина қарулы күштеріне сілтеме жасап ВВС хабарлады.

Әскери орган биыл Украина мыңнан астам әскери техникасын жоғалтқанын да мәлімдеген. 6 желтоқсанда Украина бас штабының бастығы Виктор Муженко Донбастағы қақтығыс басталғалы 3046 әскери құрылым өкілдері мерт болғанын, оның 2600-ы солдат екенін айтқан. Украина президенті Петр Порошенко Украина шығысында 7,5 мың бейбіт тұрғын қаза тапқанын мәлімдеген.

Украина шығысындағы Донецк мен Луганск облыстарында үкіметі күштері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасындағы қақтығыс 2014 жылдың сәуірінде басталған. Украина мен Батыс Ресейді "Украинаның шығысындағы сепартистерді қолдап, Донбасқа әскер жіберіп отыр" деп айыптайды. Алайда Ресей ол аймаққа әскер жібермегенін, "ол жақта ресейлік еріктілер әскери қимылдарға қатысқанын ғана" айтады.

XS
SM
MD
LG