Accessibility links

Төрт ел ЕАЭО-ның кеден кодексіне қол қойды


ЕАЭО елдері тулары. (Көрнекі сурет)
ЕАЭО елдері тулары. (Көрнекі сурет)

Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Армения президенттері бүгін Санкт-Петербургте Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) кеден кодексіне қол қойды деп хабарлады Еуразия экономикалық комиссиясы коллегиясының төрағасы Тигран Саркисян.

Құжатқа енді Беларусь президенті Александр Лукашенко қол қоюы үшін кодексті Минскіге жіберетіні хабарланған.

Саркисянның айтуынша, жиыны 20 шақты құжатты ЕАЭО елдерінің бәрі мақұлдаған.

ЕАЭО-ның кеден кодексі Кеден одағының 2009 жылы қабылданған кеден кодексін алмастыруы тиіс. Бұл құжат ЕАЭО аумағында бірыңғай кедендік реттеу шарасына көшуге негіз болуы керек.

XS
SM
MD
LG