Accessibility links

Ресей әскерилері Алеппода топтап көмілген адам мүрделерін тапты


Алеппо көшесі. Сирия, 23 желтоқсан 2016 жыл.
Алеппо көшесі. Сирия, 23 желтоқсан 2016 жыл.

Ресей қорғаныс министрлігі әскерилердің Алеппода адамдар топтап жерленген көрді тапқанын хабарлады. Мәйіттерде азаптау мен жарақат іздері байқалады. Министрліктің баспасөз хатшысы генерал-майор Игорь Конашенконың хабарлауына қарағанда, табылған ондаған мәйіттің арасында оқ тигендері де бар. Құқық қорғаушылар мен ақпарат құралдары үкімет әскері мен "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мүшелерінің талай рет адамдарды жаппай қырып, азаптағанын айтады.

Ресей әскери-әуе күштері Сирия армиясының Алеппоны қайтарып алуына көп көмектесті. Алеппоны қайтарып алу операциясы қыркүйекте басталып, 22 желтоқсанда аяқталды. Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымы 25 желтоқсанда Алепподағы миналанған жерлерге кем дегенде 63 әскери қызметкер түсіп қалып, мерт болғанын хабарлаған. Ресей көтерлісшілерді Алеппо көшелерін миналап тастады деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG