Accessibility links

Назарбаев: Астана Сирия келіссөзін өткізуге дайын


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин. Санкт-Петербург, 25 желтоқсан 2016 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин. Санкт-Петербург, 25 желтоқсан 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Ресей, Иран және Түркия арасындағы Сирия дағдарысы бойынша келіссөзді өзінде өткізуге дайын екенін мәлімдеді. "Қазақстан келіссөзге қатысушы барлық тараптарды Астанада қабылдауға дайын" деді Назарбаев 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұған дейін Түркия мен Иран президенттері Назарбаевпен сөйлескенінде бұл келіссөзге қатысуға келісімін берген.

Путин 23 желтоқсанда Сирия президенті Башар Асад пен Ресей, Иран, Түркия Қазақстан бейтарап ел ретінде Сирия бойынша жаңа бейбіт келіссөз алаңы болуы тиіс дегенге уағдаласқанын мәлімдеген. Путин бұл елдер өткен аптада Алепподан бейбіт тұрғындар мен көтерілісшілерді эвакуациялап, қақтығысты тоқтатуы арқылы табысқа жете алатынын көрсеткенін айтты. Путиннің сөзінше, қазір бұл елдер қақтығысты тоқтату режимін тұтас Сирия территориясында орнатуға және барынша ауқымды диалог бастауға дайын.

Ресей, Иран және Түркия бұған дейін Сирия билігі мен Мәскеудің көпшілігін Түркия қолдайтын көтерілісшілер арасында бейбіт келісім жасасуға жауапкершілік алатынн жария еткен. Ресей мен Иран Сирия дағдарысында Башар Асадты қолдайды.

XS
SM
MD
LG