Accessibility links

Украина шығысындағы әлсіз бітім үшінші тәулікке ұласты


Өзін-өзі жариялап алған "Луганск халық республикасындағы" сепаратистер. Украина, 19 желтоқсан 2016 жыл.
Өзін-өзі жариялап алған "Луганск халық республикасындағы" сепаратистер. Украина, 19 желтоқсан 2016 жыл.

Украина үкіметі мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасында келісілген белгісіз уақытқа дейін бітім орнатылған үшінші тәулікке ұласты. Дегенмен қос тарап та Дебальцево ауданы маңында қақтығыс болғанын хабарлады.

Қақтығысты тоқтату келісімі өткен аптада ЕҚЫҰ-ның араласуымен жасалған. Украина президенті Петр Порошенко келісім соғыстан қажыған халықтың бұған дейін осыған ұқсас жасалған тоғыз келісім сәтсіздікке ұшыраған кейінгі ұзақ мерзімді бітімге қол жеткізуінің белгісі екенін мәлімдеді.

Артиллерия мен минометтен атқылауда екі жақтан да адам шығыны болған жоқ. Украина әскери қолбасшылығы 25 желтоқсаннан бері украин әскерилерінің шептері 33 рет атқыланғанын хабарлады. Сепаратистер бір тәулік ішінде өздері бақылайтын территориялар 62 рет атқылауға ұшырағанын мәлімдеді.

Бітім Луганск мен Донецк облыстарын жалғайтын стратегиялық теміржол тармағы бойында орналасқан Дебальцево қаласы үшін болған шайқастан соң жасалған. Өткен жылы тараптар мереке кезінде де бітім жариялап, ол бірнеше апта ғана сақталған. БҰҰ-ның 1 желтоқсандағы мәліметінше, Украина шығысындағы қақтығыста қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 9758-ге жетіп, 22779 адам жараланған.

XS
SM
MD
LG