Accessibility links

Өскеменде Ресей дипломаты өлі күйде табылды


Ресей туы (Көрнекі сурет)
Ресей туы (Көрнекі сурет)

Өскеменде Ресей бас консулдығына іссапармен келген дипломат Роман Скрыльников өлі күйде табылды деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Илья Лябуховтың ақпаратына қарағанда, Роман Скрыльников 26 желтоқсанда жүрек талмасынан қайтыс болған. Қазір оның денесін Ресейге жеткізу жұмыстары жасалып жатыр.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, бас консулдықтың уақытша тобының жетекшісі Роман Скрыльниковтың денесін көлік жүргізушісі ол жалдап тұрып жатқан пәтерден тапған. Дипломаттың денесінде күштеп өлтіру белгілері байқалмайды.

XS
SM
MD
LG