Accessibility links

Румын президенті премьерлікке ұсынылған мұсылман әйелді мақұлдамады


Севиль Шхайдех, Румыния премьер-министрі қызметіне ұсынылған кандидат.
Севиль Шхайдех, Румыния премьер-министрі қызметіне ұсынылған кандидат.

Румыния президенті Краус Йоханнис Социал-демократиялық партия премьер-министр қызметіне ұсынған Севиль Шхайдехтің кандидатурасын қабылдамай тастады. Шхайдех - Румыния премьерлігіне ұсынылған алғашқы мұсылман әрі әйел кандидат. Йоханнис аса танымал емес саясаткер Шхайдехтың кандидатурасын мақұлдаудан бас тартуының себебін айтпады. Шхайдех бұған дейін алты ай аймақтық даму министрлігін басқарған.

"Мен оны қолдайтын және қарсы барлық аргументті талдап, мақұлдамауға шешім қабылдадым" деді Йоханнис телеарнадан жасаған үндеуінде. Йоханнис 11 желтоқсанда парламент сайлауында жеңген социал-демократтарды премьерлікке басқа кандидатын ұсынуға шақырды. Партия төрағасы Ливиу Драгня премьерлік қызметті атқара алмайды. Себебі сайлауда алаяқтық жасады деп айыпталып, шартты түрде сотталған. Драгня - Шхайдехтің жақын серігі. Ол 2011 жылы Шхайдехтің үйлену тойында болған. Оппозиция Шхайдех премьер болса онда "партия жетекшісінің қуыршағына айналады" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG