Accessibility links

Вагондардың рельстен шығып кетуінен Астанада жолаушылар жолдан қалды


Рельстен шығып кеткен жүк вагондары (Көрнекі сурет).
Рельстен шығып кеткен жүк вагондары (Көрнекі сурет).

Астана түбінде теміржол станциясында электровоз бен вагондардың рельстен шығып кетуінен пойыз қозғалысы шектелді. Мұның кесірінен Астананың теміржол вокзалында пойыздар сағаттап бөгеліп, ондаған жолаушы діттеген жеріне уақытында жете алмады.

"Қазақстан теміржолы" компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, электровоз бен жүк пойызының 12 вагоны 27 желтоқсан күні кешке Қарағанды теміржол бөлімінің Бабатай станциясында рельстен шығып кеткен. Бұдан станцияның Қарағанды - Астана бөлімінде пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтады. Төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Қанша пойыздың бөгеліп, одан қанша жолаушының зардап шеккені айтылмаған. Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттерде Астананың вокзалында ондаған адамның жүргені айтылады.

Бабатай станциясында пойыздардың қозғалысы жергілікті уақыт бойынша сағат 23-те қалпына келтірілген. Вагондардың рельстен шығып кету себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

XS
SM
MD
LG