Accessibility links

SOHR: Сирияда ИМ командирі оққа ұшты


Манбиж қаласындағы ИМ туы, Сирия (Көрнекі сурет).
Манбиж қаласындағы ИМ туы, Сирия (Көрнекі сурет).

Сирияның солтүстігінде стратешиялық бөгет үшін шайқаста "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының командирлерінің бірі Абу Жандал әл-Кувейти оққа ұшты деп хабарлады 27 желтоқсанда Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымы.

Абу Жандал әл-Кувейти ИМ содырларының АҚШ қолдайтын Сирия демократиялық күштерін Жабар елді мекенінен ығыстырып шығару операциясы кезінде мерт болған. Сирия демократиялық күштері Жабарды 26 желтоқсанда басып алған.

Сирия армиясы да 27 желтоқсанда Абу Жандалдың бөгет маңындағы Табка аймағында болған ұрыста оққа ұшқанын хабарлады. ИМ содырлары әлеуметтік желілерде Жандалдың қазасын растады.

АҚШ қолдайтын күштер, оның ішінде күрд жасақтары ИМ шабуылына тойтарыс беріп, бөгетке қарай 5 километр жақындай түскен.

XS
SM
MD
LG