Accessibility links

Түркіменстанда президент сайлауына тоғыз кандидат тіркелді


Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркіменстан президенті.

Түркіменстанда президент сайлауына тоғыз кандидат тіркелді деп хабарлайды Азаттықтың Түркімен редакциясы.

12 ақпанда өтетін сайлауға кандидат ретінде тіркелгендер арасында Мары уәлаяты басшысының орынбасары Жұманазар Аннаев, "Сейди" мұнай өңдеу зауытының директоры, парламент депутаты Рамазан Дурдиев, Дашогуз уәлаяты басшысының орынбасары Меретдурды Гурбанов, Ахал уәлаятының экономикалық даму департаментінің басшысы Сердар Желилов және "Гарабогазсульфат" мемлекеттік концернінің атқарушы директоры Сулейманнепес Нұрпересов бар.

Бұған дейін сайлауға түсуге іс басындағы президент Гурбангулы Бердұмұхамедов, "Рысгал" коммерциялық банкінің атқарушы директоры әрі парламент депутаты Бекмұрат Аталиев, Аграрлық партияның Мары уәлаяты комитетінің төрағасы Дурдыгылыч Оразов және мемлкеттік Азық-түлік индустриясы ассоциациясының басшысы Мақсат Аннанпесов тіркелген.

25 желтоқсанда Бердімұхамедов телеарнадан сайлауалды бағдарламасын жариялап, басқа кандидаттардың пайдасына өзіне телеарнадан сайлау кампаниясын жүргізуге берілген қосымша уақыттан бас тартатынын мәлімдеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG