Accessibility links

Режиссер Талғат Жәнібеков үш күнге қамалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыда бүгін қазақстандық режиссер, "Феникс" фильмін түсіруге бөлінген қаржыны жымқыру ісіне қатысты күдікті деп танылған Талғат Жәнібеков ұсталды. Адвокаты Серік Айтбаевтың Facebook-те хабарлауынша, Жәнібеков 72 сағатқа ұсталған. Адвокаттың айтуынша, Жәнібековті бүгін түс кезінде соңғы екі айда сот санкциясы бойынша ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүргеніне қарамастан ұстаған.

Жазда әлеуметтік желіде Талғат Жәнібековтің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын коррупцияға қатысы бар деп айыптаған видеосы шыққан. Қазан айында сот Жәнібековті Мұхамедиұлына "жала жабу" туралы жеке шағымы бойынша бір миллионнан астам қаржы төлеуге міндеттеген.

Жәнібековтің ұсталғаны туралы коррупцияға қарсы іс-қимыл қызметінің жедел-тергеу тобының жетекшісі Мұжықовтың қолы қойылған хабарландыруда режиссердің Алматы қалалық ішкі істер департаментінің уақытша тергеу абақтысына жабылғаны айтылады.

Өткен айдың басында коррупцияға қарсы қызмет "Феникс" фильмін түсіруге бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловты ұстаған. Кейін ол "кепіл төлеген соң" босатылған.

XS
SM
MD
LG