ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың ұсталғаны хабарланды.
ҰҚК-нің хабарлауынша, Нартай Дүтбаев пен Нұрлан Хасен және Ерлан Нұртаев қылмыстық кодекстің 185-бабының 3-бөлімі («Мемлекеттік құпияларды жария ету») мен 362-бабының 3-бөлімі («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») бойынша күдікке ілініп, 2016 жылдың 26 желтоқсанында ұсталған.
ҰҚК-ні 2001-2006 жылдары басқарған Нартай Дүтбаев оппозиционер Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне бұл комитеттің арнайы жасағының қатысы бары мәлім болған соң қызметінен кеткен.