Accessibility links

СҚО: Қытайға ет, жұмыртқа мен сүт өткіземіз


Солтүстік Қазақстан облысындағы фермалардың бірі, көрнекі сурет.
Солтүстік Қазақстан облысындағы фермалардың бірі, көрнекі сурет.

Солтүстік Қазақстан облысында ашылған май зауыты Қытайға өнім экспорттау жоспарын жариялады. Тайынша ауданы Ильичевка ауылында қытайлық инвесторлардың көмегімен ашылған май зауыты Шэньси провинциясына жылына 300 мың тоннаға дейін өсімдік майын жібермек. Бұл мәлімет 28 желтоқсанда Шэньси провинциясындағы Сиянь қаласының делегациясы Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық әлеуетімен танысу үшін келген кезде Бурабайда жария болды.

Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың айтуынша, бұл аймақтың өнімін Қытайға шығару жайлы екі ел үкіметі келіссөз өткізіп жатыр. Оның сөзінше, облыс жылына 500 мың тонна сүт, 90 мың тонна ет және 600 миллион дана жұмыртқа жөнелте алады.

Солтүстік Қазақстанға келген делегациясының өкілі Чэнь Баогэньнің айтуынша, Қытайдағы кәсіпкерлер Солтүстік Қазақстанда көптеген жобаларды іске асыруға ынталы.

Екі ел өкілдері Бурабайда өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

XS
SM
MD
LG