Accessibility links

Дамаскіде Ресей елшілігі екі рет атқыланды


Дамаскідегі Ресей елшілігінің қақпасы, Сирия.
Дамаскідегі Ресей елшілігінің қақпасы, Сирия.

Дамаскіде 28 желтоқсан күні Ресей елшілігі екі рет атқыланды деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрлігі. Ведомство шабуылды теракт және елдегі бейбіт процеске кедергі келтіруді көздейтін арандатушылық деп атады. Бір снаряд елшілік кешенінің алдына, екіншісі елшілікке жақын маңға түскен.

"Біз Дамаск түбіндегі террористік топтардан елшілік пен оның қызметкерлеріне әлі де қауіп төніп тұрғанын мәлімдеуге міндеттіміз. Бұл оқиға терроризм ұясын дереу жою қажеттігін тағы да көрсетіп отыр" деді Ресей сыртқы істер министрлігі. Ресей Сирияда алты жылға созылған соғыста президент Башар Асадтың билігін қолдайды.

XS
SM
MD
LG