Accessibility links

ЕҚЫҰ өзіне кибершабуыл жасалғанын хабарлады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) өзіне ауқымды кибершабуыл жасалғанын хабарлады. ЕҚЫҰ-ның баспасөз хатшысы Урсула Фрезенің Азаттыққа хабарлауынша, кибершабуыл қараша айының басында болған. Алғашқы компьютерлік желіні бұзып кіру оқиғасын француздың Le Monde газеті хабарлаған. Фрезенің сөзінше, желінің құпиялығы бұзылғанымен, ұйым жұмысына кедергі болмаған.

Le Monde басылымының хабарлауынша, Батыс елдерінің барлау қызметтері бұл шабуылға АҚШ-тағы президент сайлауы қарсаңында Демократиялық партияның компьютерлік желілерін бұзып кірген хакерлік топтың қатысы бар деп болжап отыр. ЕҚЫҰ әзірге бұл ақпаратты растай алмайды. "Бұл жерде де кибершабуыл жасағандардың кімдер екенін нақты, сенімді түрде анықтау қиын" деді Фрезе.

XS
SM
MD
LG