Accessibility links

Қарағанды облысына жаңа прокурор тағайындалды


Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қазақстанның көліктегі бас прокуроры Ибрай Тілеуғалиев Қарағанды облысына прокурор болып тағайындалды деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ал көліктегі бас прокурор болып бұған дейін құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасының бірінші орынбасары болған Марат Әлиханов тағайындалды.

Қарағанды облысының бұрынғы прокуроры Асқар Секішев 23 желтоқсанда "өз еркімен" қызметінен босатылғаны хабарланған.

Биыл күзде қылмыстық істерді бақылау кезінде прокуратураның кейбір қызметкерлерінің заң бұзғаны анықталған соң Асқар Секішевке сөгіс жарияланып, орынбасары қызметінен босатылған. Тексеру жүргізуге Алпысбаев деген азаматтың Қарағанды облыстық прокуратурасы қызметкерлері үстінен түсірген шағымы себеп болған.

10 қазанда Қарағанды облыстық прокурорының бірінші орынбасары Рашид Дубаев, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын қадағалау басқармасының басшысы Алмас Абдақасов және Теміртау қаласының прокуроры Біржан Шаулиев қызметінен босатылған.

XS
SM
MD
LG