Accessibility links

Қырғызстан Forbes-тің 2017 жылғы туристік бағыттар тізіміне енді


Қырғызстандағы тау бөктері (Көрнекі сурет).
Қырғызстандағы тау бөктері (Көрнекі сурет).

Америкалық Forbes журналы Қырғызстанды 2017 жылдың ең тамаша туристік бағыттары тізіміне енді. 17 мемлекеттің 17 бағыты кірген. Журнал сайтында Қырғызстанның жаңа бағыт екені айтылады.

Forbes Қырғызстан территориясының 93 пайызы - таулы жер екенін, бұл елдің тарихы мен мәдениеті бай екенін айтады. Басылым Қырғызстан әлемдегі ең баруға тұрарлық және жете бағаланбаған елдердің бірі және астанасы Бішкек - Орталық Азияны зерттеуге таптырмас орталық дейді.

Журнал тізімінде Португалия, Оңтүстік Корея, Румыния, Оңтүстік Африка Республикасы, Грекия, Филиппин, Австралия, Тринидад және Тобаго, Словакия, Грузия, Лаос, Египет, Боливия, Юта штаты, Гватемала, Белиз және Гондурас бар.

Бірқатар халықаралық басылымдар 2016 жылы Қырғызстанды баруға тұраолық елдер мен аймақтар тізіміне енгізген.

XS
SM
MD
LG