Accessibility links

Парламент Иранмен арада сотталғандарды қайтару келісімін мақұлдады


Қазақстан паралменті, Астана (Көрнекі сурет).
Қазақстан паралменті, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты бүгін пленарлық отырысында Иран үкіметімен жасалған екі елдің сотталған азаматтарын қайтару туралы келісімді мақұлдады. Құжат осымен парламенттің мақұлдауынан өтті, енді президенттің қол қоюына жіберілмек.

Биыл 11 сәуірде Тегеранда қол қойылған келісімде Иранда сотталған Қазақстан азаматтарын және Қазақстанда сотталған Иран азаматтарын жазаларын өз елінде ары қарай өтеу үшін қайтарудың құқықтық негіздері мен шарттары қамтылған.

Келісім бойынша, сотталған адам бірнеше шарт бойынша ғана қайтарылуы мүмкін. Яғни, сотталған адам жазасын өзін қайтаруын сұрап отырған елде өтесе, үкім түпкілікті заңды күшіне енсе және өтініш берілген кезде өтелмеген жаза мерзімі алты айдан көп болған жағдайда қайтарылады.

Сонымен бірге келісімде сотталған адамды оның физикалық я психикалық жағдайына қарай" өзінің немесе туыстарының, я заңды өкілінің келісімімен қайтару жайы да қарастырылған.

XS
SM
MD
LG