Accessibility links

Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайына ауыз су жетті


Қайнарбұлаққа ауыз су тартып жүрген құрылысшылар. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.
Қайнарбұлаққа ауыз су тартып жүрген құрылысшылар. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

Бүгін Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайының тұрғындарына ауыз су беріле бастады деп хабарлады қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Бектұрсынов.

Нұрлан Бектұрсыновтың айтуынша, 1970 жылы салынған саяжайға ауыз су құбырын тартуға 1 миллиард 314 миллион теңге жұмсалып, жұмыс 2015 жылдың соңында аяқталған, одан кейін құжат шаруалары шешілген.

«Саяжайда 6533 тұрғын үй бар. Бүгін 400-ге жуық үйге ауыз суды қостық. Бір аптаның ішінде барлық тұрғын үйге ауыз су қосамыз» деді ол.

Нұрлан Бектұрсынов саяжайдың өткен жылы қала құрамына кіргенін айтады. Биыл жарық тартылған.

«Газ тарта алмаймыз, көше тар. Қауіпсіздік талабына сай емес» дейді ол.

Қайнарбұлақ саяжайында 25 мыңнан аса адам тұрады. Олардың басым бөлігі – әлеуметтік жағдайы нашар көп балалы отбасылар мен пәтер жалдап тұратын азаматтар.

XS
SM
MD
LG