Accessibility links

Ирак әскері Мосулға жаңа шабуыл бастады


Мосулдың солтүстігінде жүрген Ирак әскерінің сарбазы. 29 желтоқсан 2016 жыл.
Мосулдың солтүстігінде жүрген Ирак әскерінің сарбазы. 29 желтоқсан 2016 жыл.

Ирак үкіметінің әскері экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымының бақылауындағы Мосул қаласына шабуылдың екінші кезеңін бастады. АҚШ бастаған коалицияның мәлімдеуінше, "содырлардың қайтадан күш алып, керек-жарақпен қамтамасыз етілу мүмкіндігін азайту үшін" Мосулдың шығыс жағынан жаңа екі майдан ашылған.

Мосулдың шығысындағы арнайы әскердің қолбасшысы генерал Абдул-Вахаб әл-Саади Associated Press агенттігіне шабуыл үкімет әскеріне жаңа күш қосылған соң басталғанын айтады. Мосулды азат ету шайқасы - Иракта АҚШ әскері шығарылған 2011 жылдан бергі ең ірі операция. Үкімет күштері сүннит және күрд жасақтары, шииттік топтар көмектесіп жатыр. Оларға әуеден АҚШ әскери-әуе күштері де қолдау көрсетеді.

ИМ содырлары Ирактың екінші ірі қаласы Мосулды 2014 жылы жазда басып алған. Осы аптада Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади Мосулды және Иракты содырлардан толық азат етуге үш уақыт кететінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG