Accessibility links

Ресейде Қырғызстан азаматы "ИМ құрамында болғаны" үшін сотталды


Дондағы Ростов қаласындағы Солтүстік Кавказ округтік әскери соты.
Дондағы Ростов қаласындағы Солтүстік Кавказ округтік әскери соты.

Ресейдің Дондағы Ростов қаласының соты экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымының мүшесі деген айыппен Қырғызстанның бір азаматы мен бір ресейлікті соттады.

Солтүстік Кавказ округтік әскери соты Қырғызстан азаматы Равшан Акбаровты сегіз жылға соттап, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім кесті. Акбаров "федералдық заңдарға қайшы қарулы құрылым қызметіне араласу" бабы бойынша айыпты деп танылған.

"Акбаров 2015 жылы Мосулға барып, ИМ құрамына кірген және олардың террористік орталығында дайындықтан өткен. Жаттығудан соң оған жеке атыс қару мен оқ-дәрілер берілген" деді Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Астрахань облысы басқармасының өкілі. Тергеу мәліметінше, Акбаров құрылымдық жағынан ИМ-ге бағынатын "Джамаат Катиба Гураба" тобының құрамында болған.

Сот Астрахан облысының тұрғыны Руслан Магомадовты "террористік іс-қимыл жасауға болысты және террористік ұйымның қызметіне араласты" деп айыптап, 16 жылға соттады. Тергеу деректеріне қарағанда, Магомедов 2015 жылы ИМ-нің оқу-жаттығу лагерінде дайындықтан өтіп, Ракка қаласының маңында ИМ-ге бағынышты "Қазақ жамағаты" деп аталатын құрылымның террористік іс-қимылына қатысқан".

XS
SM
MD
LG