Accessibility links

Порошенко: Ресей Украинаға қарсы киберсоғыс жүргізіп отыр


Петр Порошенко, Украина президенті.
Петр Порошенко, Украина президенті.

Украина президенті Петр Порошенко Ресейдің күш құрылымдары Украинаға қарсы киберсоғыс жүргізіп жатыр деп мәлімдеді. Порошенко соңғы екі айда Украинаның мемлекеттік институттарына шамамен алты жарым мың хакерлік шабуыл жасалғанын айтты.

Осы айдың басында Украинаның қаржы министрлігі, қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік қазыналық мекемесінің сайттары кибершабуылдарға ұшыраған. Ол шабуылдардан Киевтегі электр желінің бір бөлігі істен шыққан.

"Бірқатар кибершабуыл жасау оқиғаларын тексеру қорытындысы бұған Ресей қауіпсіздік күштерінің тікелей немесе жанама болсын қатысы барын көрсетеді" деді Порошенко 29 желтоқсанда.

Порошенко Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесін сақтану шараларын жасауға шақырды. Украина президентінің сөзінше, қазіргі кезде маңызды инфрақұрылым нысандарына "қастықжәне теракт жасау" қаупі төніп тұр.

Украина президенті сонымен қатар ықтимал хакерлік шабуылдардан мемлекеттік қазыналық мекемесінің жұмысы бірнеше күнге тоқтап қалып, мемлекеттік қызметкерлер мен зейнеткерлердің жалақылары мен зейнетақыларын уақытында ала алмай қалғанын айтты.

Ресей Украинаға хакерлік шабуылдар жасауға қатысы барын жоққа шығарып келеді. Бұған дейін Украинаның қауіпсіздік қызметі 2015 жылы желтоқсанда ондаған мың абонентті электр қуатынан айыруға әкеп соқтырған электр желілеріне жасалған хакерлік шабуылды Ресейден көрген. Бірқатар сарапшылар бұл кибершабуылдарға ресейлік Sandworm деген атпен белгілі хакерлік топ жасаған дейді.

XS
SM
MD
LG