Accessibility links

Шахан кентінде көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі құлады


Қарағанды облысындағы Шахан кентінде қаңтардың 1-і күні кешкісін көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі құлап, салдарынан кемінде екі адам мерт болған.

Қаза болған екінші адамның денесі құлаған үйдің қирандылары астынан табылған деп хабарлаған "Қазақпарат" агенттігіне Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Бұның алдында апаттан кейінгі алғашқы сағаттарда құтқару жұмыстары барысында төрт адам құтқарылғаны, олардың екеуі балалар екені хабарланған. Кейбір ақпараттар бойынша, құлаған үй бөлігінің қирандылары астында тұрғындар қалып қойған деп хабарлаған бұған дейін Tengrinews агенттігі.

Шахан кенті Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласы маңында орналасқан.

XS
SM
MD
LG