Accessibility links

Қарағанды облысы Шахан кентіндегі құлаған үйдің астынан тоғыз адамның денесі табылған. Олардың үшеуі - бала, алтауы - ересек адам. Екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Апаттан мерт болғандар арасында алты жастағы бала мен оның 24 жастағы анасы бар. Олар құлаған үйдің бесінші қабатында тұрған. Баланың әкесі іссапарға кеткен. Бұл туралы мерт болған әйелдің туысқандары хабарлады.

Қарағанды облыстық әкімдігінің мәлімдеуінше, бес қабатты үйдің құлауына жылу құбырының жарылуы себеп болған. Қазір іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Он адам эвакуацияланған. Екі бала, төрт ересек адам құтқарылған.

1 қаңтарда Қарағанды облысы Шахан кентінде көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі құлаған. 1987 жылы салынған үйде 118 адам тұрып жатқан. Ал құлаған бөлігінде 25 адам болған.

Қалалық әкімдік қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына материалдық көмек көрсетілетінін хабарлады.

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG