Accessibility links

Стамбулдағы терактіге қырғыз азаматының қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр


Стамбулдағы Reina клубына шабуыл жасаған адамның видеоға түсіп қалған бейнесі.
Стамбулдағы Reina клубына шабуыл жасаған адамның видеоға түсіп қалған бейнесі.

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) "1 қаңтар күні Түркияның Стамбул қаласында болған қарулы шабуылға қырғыз азаматының қатысы бар" деген ақпаратты тексеріп жатқанын айтты.

МҰҚК өкілі Рахат Сулаймановтың Азаттыққа айтуынша, Қырғызстан бұл дерекке байланысты Түркияға арнайы сұрау салған. Ол қылмысқа күдікті делінген адамның паспортының көшірмесі деп интернетте жарияланған мәліметті де тексеріп жатқандарын айтты. Кейін Қырғызстанның мемдекеттік тіркеу қызметі басшысы Тайырбек Сарпашев те ол құжаттың көшірмесін тексеріп жатқандарын мәлімдеді.

Ал түрік полиция күдікті делінген адамның селфи-видеосын жариялап, сол шабуылға қатысы бар делінген сегіз адамның ұсталғанын хабарлады.

Қаңтардың 1-і күні түнде Стамбулдағы Reina клубына жасалған қарулы шабуылдан кемінде 39 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жараланған.

XS
SM
MD
LG