Accessibility links

Ресей екі әскери кемесін Филиппинге алып барды


Ресей әскери кемесі. (Көрнекі сурет)
Ресей әскери кемесі. (Көрнекі сурет)

Ресей екі әскери кемесін Филиппинге алып барды. Мәскеу «бұл елге терроризммен қалай күресудің жолын көрсетеміз, сәті түсіп жатса біріккен әскери жаттығу да өткіземіз» дейді.

Ресейдің «Адмирал Трибуц» кораблі мен «Борис Бутома» танкері Манилаға төрт күнге келді. Ресей тарабының сөзінше, олар филиппин әскери-теңіз күштеріне өнерлерін көрсетіп, террористермен және пираттармен қалай соғысу жайын үйретпек.

«Екі ел үкіметі кейінірек біріккен әскери-теңіз жаттығуын өткізу жайын да талқылап қалар» дейді Ресейдегі Приморье флотилиясы басшысының орынбасары Эдуард Михайлов.

Филиппин жағының хабарлауынша, екі елдің алғаш рет жолығып отырған әскери-теңіз күштері келіссөз де өткізбек.

XS
SM
MD
LG