Accessibility links

Полиция Стамбулдағы терактіге күдіктінің видеосын жариялады


Стамбулдағы терактіге күдікті.
Стамбулдағы терактіге күдікті.

Түрік полициясы 1 қаңтарда Стамбулдағы түнгі клубта болған терактіге күдікті адамның селфи-видеосын жариялады. Ол адамның қай ел азаматы екені әлі анық емес.

Полиция «шабуыл жасаған адам қала ішінде соғысудан тәжрибесі бар, Сирияда «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы қатарында соғысқан Орталық Азия азаматтарының бірі болуы керек» дейді.

Түркиялық ақпарат құралдары күдікке ілінген адамның Стамбулға Қырғызстаннан 20 қарашада әйелімен және екі баласымен бірге ұшып келгенін жазып жатыр.

Ал Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті «Стамбул қаласында болған қарулы шабуылға қырғыз азаматының қатысы бар» деген ақпаратты тексеріп жатқанын айтты.

Түрік полиция Стамбулдағы шабуылға байланысты он шақты адамның ұсталғанын хабарлады.

Қаңтардың 1-і күні түнде Стамбулдағы Reina клубына жасалған қарулы шабуылдан кемінде 39 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жараланған.

XS
SM
MD
LG