Accessibility links

Сирияның солтүстігінде әуе шабуылдарынан 25 содыр оққа ұшты


Сириядағы "Жабхат Фатех әл-Шам" тобының содырлары (Көрнекі сурет).
Сириядағы "Жабхат Фатех әл-Шам" тобының содырлары (Көрнекі сурет).

Сирияның солтүстігіндегі Идлиб провинциясына жасалған әуе соққыларынан "Жабхат Фатех әл-Шам" (бұрынғы "Нусра майданы") тобының кем дегенде 25 содыры оққа ұшты. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының хабарлауынша, әуе соққыларын Ресей, я АҚШ бастаған коалиция ұшақтарының қайсысы жасағаны белгісіз. Кейбір ақпар бойынша, мерт болғандар арасында "Джабхат Фатех әл-Шам" тобының жетекшілері де бар. Бұл топ өткен жылы атын өзгертіп, "Әл-Қаида" ұйымының құрамынан шығатынын жариялаған.

Ресей мен Түркия бұл топ мүшелері өткен аптада жасалған Сирияда атысты тоқтату туралы келісімге қатыстырылмағанын айтады.

Ал Сириядағы бірқатар көтерілісшіл топтар "Сирия үкіметі мен оның одақтастарының келісім шарттарын бұзғанын" алға тартып, осы айда Қазақстанда өтеді деп жоспарланған бейбіт келіссөзге дайындықты тоқтататынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG