Accessibility links

Молдова мен Приднестровье басшылары кездеседі


Игорь Додон, Молдова президенті.
Игорь Додон, Молдова президенті.

Молдова президенті Игорь Додон бүгін жікшіл Приднестровье аймағының басшысы Вадим Красносельскиймен кездесетінін хабарлады. Додон Facebook-те сепаратистер бақылауындағы Бендеры қаласында өтетін кездесу "қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөзді жандандыру үшін мңызды екенін" жазды. Ол сонымен қатар Приднестровье мәселесі 17 қаңтарда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен өтетін кездесуде де талқыланатын басты тақырыптың бірі болатынын айтты.

Красносельский 2006 жылы аймақта өткен ресми түрде мойындалмаған сауалнама қорытындысы негізінде Приднестровьенің тәуелсіздігін және Ресеймен жақындасууын қолдайтынын мәлімдеді. Додон Молдова президенті болып 23 желтоқсанда сайланған. Ол "Біз бірқатар мәселеге назар аударуымыз керек. Келіссөздің тоқтап қалғаны жақсы емес"деп, жанжалды реттеуге уәде берді.

1992 жылы Молдова мен сепаратистер арасында қысқа уақыттық жанжал болып, содан бері Приднестровье өзін-өзі басқарады. Молдова мен сепаратистер бақылауындағы территория шегінде орналасқан Бендеры қаласы іс жүзінде буферлік аймақ саналады.

Красносельский Кишинев те, халықаралық қауымдастық та мойындамаған сайлауда Приднестровье басшысы болып сайланған.

XS
SM
MD
LG