Accessibility links

Қазақстанның бірнеше облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 қаңтардың кешінен бері жолдар жабылды деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті. Бұрқасын мен жолдың нашар көрінуінен Астана мен Көкшетау қалаларының арасын жалғайтын жолда, Жезқазған - Петропавл жолының 377-440 километрі аралығында көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынған. Қостанай облысында Әулиекөл мен Жолдама ауылдарының арасында (0-257 километрі аралығы) жол жабылған.

Павлодар облысында облыстық маңызы бар Павловка - Галицкое жолы мен Шақат - Восточное - Шалдай жолында көлік қозғалысы (0-121 километрі аралығы) шектелген.

Алматы облысында да бұрқасын мен жолдың нашар көрінуінен Талдықорған қаласын мен Қапал кенті арасындағы жол жабылған. Сарыөзек пен Қоғалы ауылдары арасындағы жолда да қозғалысқа шектеу қойылған.

Шығыс Қазақстан облысында Семей - Қайнар жолында (8-284 километр аралығы) көлік қозғалысы шектелген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG