Accessibility links

Қытай Ұлыбританияға теміржолмен тіке жүк тасымалдай бастады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қытай Ұлыбританияға тікелей теміржол арқылы жүк тасымалдай бастады. Қытайдың шығысындағы Иу қаласынан шыққан алғашқы жүк пойызы Ұлыбританияға киім-кешек, сөмке мен өзге де тұтыну тауарларын жеткізеді.

Жоспар бойынша, пойыз Лондонның Баркинг ауданына жету үшін 18 күнде 12 мың километр қашықтықты жүріп өтеді. Пойыз Ұлыбританияға дейін Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша, Германия, Бельгия және Франция территорияларын кесіп өтеді.

Қытай соңғы жылдары "Жаңа жібек жолы" жобасы аясында Еуропа елдеріне теміржолы тасымалы желісін кеңейткен.

Ұлыбритания - Қытаймен тікелей теміржол байланысын орнатқан Еуропаның 18-мемлекеті, ал Лондон - Қытайдан тікелей жүк пойызы келетін Еуропа елдерінің 15-астанасы болып отыр.

XS
SM
MD
LG