Accessibility links

Обама Түркия мен Ресейдің Сирияда бітім орнату талпынысын құптады


АҚШ президенті Барак Обама және Түркия президенті Режеп Ердоған.
АҚШ президенті Барак Обама және Түркия президенті Режеп Ердоған.

АҚШ президенті Барак Обама Түркия президенті Режеп Ердоғанмен телефонмен сөйлесіп, Түркияның Ресеймен бірге Сирияда бітім орнатып, келіссөз жүргізу талпынысын құптайтынын мәлімдеді.

Аұ үйдің хабарлауынша, Обама 3 желтоқсанда Ердоғанға 31 желтоқсан күні түнде Стамбулдағы түнгі клубқа жасалған шабуыл мен 17 желтоқсан күні Кайсери қаласындағы полицияға жасалған шабуыл құрбандарына көңіл айтқан. Стамбулдағы шабуыл жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

Екі ел президенті Ирак пен Сириядағы ИМ-ге қарсы кампанияларында жетістікке жетіп жатқанын айтып, "Түркия мен АҚШ терроризмге бірге қарсы тұра беру қажеттігіне" келіскен.

Бұған дейін Ердоған мен премьер-министр Бинали Йылдырым АҚШ-ты Сириядағы "террористерді" қаржыландырып отыр деп айыптаған еді. Түркия Сирияда ИМ-мен соғысып жатқан сириялық күрд жасақтарын "террористер" деп атайды.

Бинали Йылдырым 3 қаңтарда АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трампты "бұл ұятты әрекетті" тоқтатуға шақырып, АҚШ қолдайтын күрдтердің ИМ-ді күйретуде жетістікке жетіп жатқанына күмән келтірген.

"Олар ИМ-ге қарсы соғысып жатырмыз дейді. Түркия - ИМ-ге қарсы соғысып жатқан жалғыз ел. АҚШ ешнәрсе істеп жатқан жоқ" деген Йылдырым.

XS
SM
MD
LG