Accessibility links

Аслан Мусин Хорватиядағы елші қызметінен босатылды


Аслан Мусин президент әкімшілігін басқарып тұрған кезінде.

Аслан Мусин Қазақстанның Хорватиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.

Ресми ақпар бойынша, Мусин елші қызметінен зейнет жасына толуына байланысты босатылған. Мусин Хорватиямен қатар Босния және Герцеговина, Черногориядағы елші қызметін де қоса атқарған. Ол Хорватиядағы елші қызметін 2014 жылдың наурызынан бері атқарған.

Аслан Мусин 2008-2012 жылдары президент әкімшілігін басқарған, 2012-2014 жылдары республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болған.

Мұның алдында ол Ақтөбе, Атырау облыстарын басқарып, мәжіліс спикері болған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG