Accessibility links

Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі тағайындалды


БҰҰ туы (Көрнекі сурет).
БҰҰ туы (Көрнекі сурет).

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Қайрат Омаров БҰҰ-дағы тұрақты өкіл болып тағайындалды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол АҚШ-тағы елші қызметінен босатылған.

Қайрат Омаров бұған дейін Қазақстан президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығында қызмет істеген, Үндістан, Шри-Ланкада елші болған.

Бұған дейін Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов болған. Ол желтоқсан айында Қазақстан сыртқы істер министрі болып тағайындалған.

XS
SM
MD
LG