Accessibility links

Трамп алғашқы ресми баспасөз конференциясын 11 қаңтарда өткізбек


Дональд Трамп, АҚШ-тың жаңа сайланған президенті.
Дональд Трамп, АҚШ-тың жаңа сайланған президенті.

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп өзінің алғашқы ресми баспасөз конференциясын 11 қаңтарда Нью-Йоркте өткізетінін хабарлады. Трамп конференцияда президент қызметін атқара жүріп әрі ірі бизнесмен бола отырып мүдделер қақтығысынан қалай құтылмақ екенін айтуы ықтимал.

Бұған дейін Трамп БАҚ-пен және азаматтармен Twitter-де қысқа хат-хабар алмасу, сирек сұхбаттар беру, жақтастарының жиынында сөйлеу арқылы байланыс орнатуды қалайтынны білдірген.

Трамп 3 қаңтарда өткізуді жоспарлаған 2016 жылғы сайлау кезінде Ресейдің хакерлік шабуылы мәселесіне қатысты брифингін арнайы қызметтен бұл тақырып жөнінде қажетті материал алмағанын айтып, 6 қаңтарға ысырған.

XS
SM
MD
LG