Accessibility links

Украина: Марин Ле Пенді ел аумағына кіргізбейміз


Марин Ле Пен, Франция президенттігіне кандидат.
Марин Ле Пен, Франция президенттігіне кандидат.

Украина билігі Франция президенттігіне кандидат Марин Ле Пенді оның "Ресейдің Қырымды тартып алуы - заңды" деген мәлімдемесінен соң елге кіруіне тыйым салатынын ескертті. Украина сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде "Ле Пен Мәскеудің пропагандасын қайталады және Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін құрметтемейді" делінген.

Әсіре оңшыл "Ұлттық майдан" партиясының жетекшісі Марин Ле Пен 3 қаңтарда Францияның BFM TV телеарнасына берген сұхбатында "Мен түбек заңсыз аннексияланды дегенмен мүлдем келіспеймін: референдум өтті, Қырым тұрғындары Ресейге қосылуды қалады" деген. 17 сәуірде өтетін сайлау қарсаңында Ле Пен сайлауалды бағдарламасының бір бағыты Ресеймен қарым-қатынасты нығайту екенін білдірген.

2014 жылы ақпанда Қырымда Ресей әскерилері пайда болып, бір айдан соң онда референдум өткен. Қырымның ресейшіл билігі ұйымдастырған референдумда дауыс бергендердің 95 пайызы түбектің Ресейге қосылуын жақтаған.

"Мен бұл референдум қорытындысына қандай да бір күмән келтірерліктей себеп көре алмай тұрмын" деген Ле Пен Қырымды Ресейдің бір бөлігі ретінде санайтынын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы референдумды "фарс" деп атап, Қырымның Ресейге қосылғанын мойындаудан бас тартқан. Вашингтон мен Брюссель Мәскеудің Қырымды аннексиялап, Украина шығысындағы қақтығысқа киліккеніне жауап ретінде қаржы-экономикалық санкциялар салған.

XS
SM
MD
LG