Accessibility links

АҚШ Гуантанамоның төрт тұтқынын Сауд Арабиясына жөнелтпек


Гуантанамо әскери базасындағы түрме, Куба (Көрнекі сурет).
Гуантанамо әскери базасындағы түрме, Куба (Көрнекі сурет).

АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігінің өкілдері Гуантанамо әскери базасындағы түрмеде отырған төрт тұтқынның Сауд Арабиясына ауыстырылуы мүмкін екенін хабарлады. Бұл шара Гуантанамо түрмесіндегі тұтқындар санын азайту мақсатында жасалып отырғанға ұқсайды.

Ақ үй жаңадан сайланған президент Дональд Трамптың Гуантанамодағы түрмені сақтау ойын қабылдамай отыр. Шенеуніктердің хабарлауынша, Трамп қызметіне кірісетін 20 қаңтарға дейін 19 тұтқынды басқа елдерге ауыстыру жоспарланып отыр. Гуантанамодағы түрмеде бірнеше ондаған тұтқын ғана қалдырылмақ.

Ал Дональд Трамп бұған дейін бұл түрмені жаппауға уәде берген. "Гуантанамодан енді ешкімді босатудың қажеті жоқ. Олар - өте қауіпті адамдар және олардың соғысқа қайтадан кіруіне жол бермеуіміз керек" деп жазған Трамп Twitter-де.

XS
SM
MD
LG