Accessibility links

Марин Ле Пен Киевтің ескертуін қабылдамай тастады


Марин Ле Пен, Франция президенттігіне кандидат.
Марин Ле Пен, Франция президенттігіне кандидат.

Франция президенттігіне кандидат Марин Ле Пен Украина билігінің өзін ел аумағына кіргізбей қоятыны туралы ескертуін қабылдамай тастады. Киев әсіре оңшыл "Ұлттық майдан" партиясының жетекшісі Марин Ле Пенді бұған дейін оның "Ресейдің Қырымды тартып алуы - заңды" деген мәлімдемесінен соң елге кіруіне тыйым салатынын ескерткен.

"Қалай болса да, Марни Ле Пен ол елге баруға ниетті емес. Бұл мәселе ол республика президенті болған кезде дипломатиялық жолмен шешіледі" Ле Пеннің баспасөз хатшысы Reuters агенттігіне.

Бұған дейін Украина сыртқы істер министрлігі Ле Пенді "Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін құрметтемегені үшін" қара тізімге кіргізетінін ескерткен. Марин Ле Пен 3 қаңтарда Францияның BFM TV телеарнасына берген сұхбатында "Мен түбек заңсыз аннексияланды дегенмен мүлдем келіспеймін: референдум өтті, Қырым тұрғындары Ресейге қосылуды қалады" деген. 17 сәуірде өтетін сайлау қарсаңында Ле Пен сайлауалды бағдарламасының бір бағыты Ресеймен қарым-қатынасты нығайту екенін білдірген.

2014 жылы ақпанда Қырымда Ресей әскерилері пайда болып, бір айдан соң онда референдум өткен. Қырымның ресейшіл билігі ұйымдастырған референдумда дауыс бергендердің 95 пайызы түбектің Ресейге қосылуын жақтаған.

"Мен бұл референдум қорытындысына қандай да бір күмән келтірерліктей себеп көре алмай тұрмын" деген Ле Пен Қырымды Ресейдің бір бөлігі ретінде санайтынын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы референдумды "фарс" деп атап, Қырымның Ресейге қосылғанын мойындаудан бас тартқан. Вашингтон мен Брюссель Мәскеудің Қырымды аннексиялап, Украина шығысындағы қақтығысқа киліккеніне жауап ретінде қаржы-экономикалық санкциялар салған.

XS
SM
MD
LG