Accessibility links

СІМ: Түркияда қазақстандықтар ұсталғаны туралы ақпар тексеріліп жатыр


Шабуыл болған Reina түнгі клубының алдында қарауылдап жүрген қарулы полицей. Стамбул, 4 қаңтар 2017 жыл.
Шабуыл болған Reina түнгі клубының алдында қарауылдап жүрген қарулы полицей. Стамбул, 4 қаңтар 2017 жыл.

Түркияда жаңа жыл түні Стамбулдағы түнгі клубқа шабуыл жасауға қатысты қазақстандықтың ұсталғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне (СІМ) сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Бұған дейін Түркияның Dogan агенттігі түрік полициясы шабуылға қатысы бар деген күдікпен 40 шақты адамның ұсталғанын, олардың арасында Қазақстан азаматының да барын хабарлаған.

"Қазір бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз. Нәтижесі туралы кейінірек хабарлаймыз" деген ІСМ өкілі.

Dogan агенттігінің мәліметінше, Түркия құқық қорғау органдарының қызметкерлері Стамбулда түнгі клубқа жасалған шабуылға қатысы бар деген күдікпен 40 адамды ұстаған. Ұсталғандардың көпшілігі - Дағыстаннан шыққандар, арасында қырғыздар мен қазақстандықтар да бар. Ұсталғандардың 20-сы бала - 9 ұл мен 11 қыз. Күдіктілер негізінен Стамбулдың Зейтинбурну ауданында ұсталған.

Қаңтардың 1-і күні түнде Стамбулдағы Reina клубына жасалған қарулы шабуылдан кемінде 39 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жараланған.

XS
SM
MD
LG