Accessibility links

NYT: Қазақстан туристер баруға тұрарлық аймақтар тізіміне енді


Тау көрінісі (Көрнекі сурет).
Тау көрінісі (Көрнекі сурет).

Америкалық New York Times басылымы Қазақстанды 2017 жылдың әлемдегі туристік мақсатпен баруға тұрарлық аймақтар мен орындар тізіміне қосты. 2017 жылдың тізіміне 52 аймақ пен орын енгізілген.

Қазақстан бұл тізімде мұнай өндіруші, астанасында EXPO-2017 халықаралық көрмесі өтетін ел ретінде сипатталған. Басылым Қазақстан территориясы арқылы өтетін, биологиялық әр алуан табиғатқа бай Батыс Тянь-Шань тау жүйесі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралары тізіміне енгізілгенін айтады.

New York Times-тың ескертпесінде Қазақстанның британдық актер Саша Барон Коэннің "Борат" фильміндегі ойдан шығарылған персонаж, Қазақстан билігінің кері реакциясын тудырған Борат Сағдиевтің арқасында туристік маршруттар қатарына енгені айтылады. Астанада қымбат қонақүйлердің бары және Қазақстанның "Жібек жолы бойындағы жолаушылар аялдайтын салтанатты жер" ретінде көрінгісі келетіні де айтылған.

Тізімде бірінші болып Канада тұр. Алғашқы бестікке Чилидегі Атакама шөлі, Үндістандағы Агра қаласы, Швейцариядағы Церматта курорты мен Ботсвана енген.

XS
SM
MD
LG