Accessibility links

Астанада аудан әкімінің орынбасары ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астанада Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Риза Акчурин коррупциялық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды деп хабарлады Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қалалық департаменті.

Шенеунік "өзіне бағынышты компанияның мүддесін қорғауы үшін" әкімдіктегі лауазымды адамдарға пара берді деген күдікке ілінген. Департамент ақпаратына қарағанда, Акчурин "Астана Тазалық" муниципалды компаниясының бас директоры А.Басқанбаевпен сөз байласып, 2016 жылы компанияның "көшелерді тазалап жинау және санитарлық тазалық бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында" жеңіске жетуіне жәрдемдескен.

Акчурин қалалық ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

XS
SM
MD
LG