Accessibility links

Атамбаев Пекинде жаңа теміржол желісі жабасын талқылайды


Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.
Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бүгін жұмыс сапарымен Қытайға барады деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Қырғызстан президенті аппараты ақпараттық саясат бөлімінің басшысы Алмаз Үсеновтің сөзіне қарағанда, Атамбаев бастаған қырғыз делегациясы Пекинге бүгін түстен кейін ұшады.

Үсеновтің хабарлауынша, Атамбаев сапары барысында Қытай басшылығымен кездесіп, қырғыз-қытай ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылайды.

Жоспар бойынша, тараптар сонымен қатар Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржол желісі жобасын салу жайын да талқыламақ. Бұған дейін Өзбекстан мен Иран басшылығы Қырғызстанның бұл жоба бойынша ұстанымына қолдау білдірген.

XS
SM
MD
LG