Accessibility links

Ғалымдар: Лас ауа мен көлік шуылы деменцияның дамуын күшейтеді


Алматы көшелеріндегі көлік кептелісі (Көрнекі сурет).
Алматы көшелеріндегі көлік кептелісі (Көрнекі сурет).

Канада ғалымдары көлік үздіксіз ағылып жүретін үлкен жолдардың бойында өмір сүру адамның ми қызметінің зақымданып, ақыл-парасат кемдігі ауруына (деменция) әкеліп соқтыратынын мәлімдеді. Ғалымдар мұндай қорытындыны Онтарио провинциясының екі миллионға жуық тұрғынын 11 жылға жуық уақыт бойы зерттеу нәтижесінде жасаған.

Зерттеу мәліметтері бойынша, деменцияға ұшырағандардың 10 пайызына ауаның ластануы мен көлік шуылы ықпал еткен.

Әлемде 50 миллионға тарта адам жас кезінен немесе қартайғанда шалдыққан (кәрілік деменциясы) ақыл-есі кемдік ауруынан зардап шегеді. Бірақ мұның себептері түпкілікті анықталмаған.

XS
SM
MD
LG