Accessibility links

Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев "мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында" екі министрлікті қайта ұйымдастыруға қаулы еткенін Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Қаулыда ұлттық экономика министрлігі денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне көші-қон саясатын қалыптастыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін беретіні жазылған.

Ал денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ішкі істер министрлігіне көшi-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіру және іске асыру, көші-қон процестерін мониторингтеу, талдау және болжамдау саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін береді. Атап айтқанда енді оралмандар квотасы мен шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны ішкі істер министрлігі қалыптастырады, сондай-ақ бұл ведомство көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, еңбекші көшіп-қонушылар мен этникалық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуын бақылау қызметтерін атқарады.

Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі комитеті құрылады.Сәуір айына дейін 2021 жылдарға дейінгі көші-қон саясаты тұжырымдамасы қайта әзірленеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG