Accessibility links

АҚШ "Әл-Қаида" ұйымын құрған Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладенді қара тізімге енгізді. АҚШ мемлекеттік департаменті мен қаржы министрлігінің хабарлауынша, халықаралық іздеу жарияланған террорист деп жарияланған. Усама бен Ладен 2011 жылы Пәкістанда арнайы операция кезінде оққа ұшқан.

2016 жылы шілдеде Хамза бен Ладеннің АҚШ-тан әкесінің өлімі үшіне кек алатыны туралы доқ көрсетіп, Вашингтонды "мұсылмандарды басып-жаныштап жатыр" деп айыптаған аудиожазбасы жарияланған. Сарапшылар бұған дейін Хамза бен Ладен "Әл-Қаиданы" басқаруды қолға алмаққа дайындалып жатыр деген болжам жасаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG